Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жол апатына ұшырағандардан ақша бопсалаған полицей ұсталды

Тәртіп сақшысының жаңа қызметке кіріскеніне үш-ақ ай болған

ШҚО-да жаяу жүргіншілер жолында заң бұзған азаматтан ақша бопсалаған 33 жастағы полиция қызметкері ұсталды.

Биыл қаңтар айында қалалық №1 аурухананың дәрігерлері полицейлерге хабарласып, көлік қағып кеткен тұрғынның ауруханаға түскенін айтқан. Тәртіп сақшылары ауруханаға келіп, жарақат алған тұрғыннан мән-жайды сұрастыра келе, оның жол апатына өзі кінәлі екендігін білген. Өйткені тұрғын жолдан белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Ал жүргізуші тұрғынды қағып кетсе де, тоқтамай оқиға орнынан тайып тұрған.

Зардап шеккен тұрғынның іс-әрекетінен күмәнданған полицейлер оны медициналық сараптамадан өтіп, ішімдік ішкенін не ішпегенін анықтау керектігін айтып, азаматтан қан алдырмақ болған. Алайда зардап шегуші бас тартқан. Кейін белгілі болғандай, жапа шегуші «нашақор» ретінде тіркеуде тұрған көрінеді, сондықтан тіркеу тарихына тағы да дақ түскенін қаламаған. Ал полицейлердің бірі мәселені "шешіп" өзара "кесіліспек" болған. Егер 30 мың теңге төлесе, істің жабылатындығын жеткізген.

Тұрғын басында тәртіп сақшысының "ұсынысына" келіскенімен, кейін жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласып, мән жайды жеткізеді. Ал агенттік қызметкерлері оны тұзаққа түсіріп, бұлтартпас айғақ анықтайды.

Қалалық №2 сот хабарлағандай, полиция қызметкеріне 1,8 млн теңге айыппұл салынған әрі қызметінен шеттетілген.


Следующая →