Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да үйлерді әлі де су басып жатыр

Төтенше жағдайлар департаменті күндіз-түні жұмыс жасап, су сүзіп жатыр

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы уақытта облыстың бірнеше ауданында жарылыс жұмыстары жасалмақ. Өскемен қаласындағы бес үй мен Күршім ауданында екі үй әлі де су астында жатыр. Өскеменде 22 адам көшіріліп, 15-і туысқандарына жіберілген. Мұнда өрт сөндірушілер жұмыс жасауда.

Аягөз ауданында құрылған арнайы комиссия 89 үйдің су астында қалғанын анықтады. Қазір су аздап арнасына қайтқан. 200-ден аса адам үйлеріне қайтып оралған.

Ұлан, Күршім, Зайсан, Үржар аудандарының автокөлік жолдарына тасқын су шығып кеткен еді. Қазір ағын су тоқтады. Тек Күршім мен Маралды арасындағы тас жолдың 39 шақырымы жабық.

Күршімнің Топтерек ауылында Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы жұмыс жасауда. Өткел арқылы 70 адам ауылға жеткізілді.

Ал Тарбағатай мен Шемонаиха аудандарында жағдай қалыпты.




Следующая →
Тақырыптар: Паводки в ВКО ДЧС ВКО