Семейде үш баланы құтқарып қалған студент марапатталды
Семейдің құрылыс колледжінде білім алатын Жасұлан Берекев төтенше жағдай кезінде көрсеткен ерлігі үшін медальмен марапатталды
Айта кетейік, құрылыс колледжінің жатақханасында электр сымынан өрт шығып, өрт сөндірушілер келгенше тұрғындар өртті өздері сөндірмек болған. Ал 20 жастағы студент Жасұлан Берекеев те тілсіз жауды өзі сөндіріп әбігерге түсіп жатқанда үстіңгі қабаттан балалардың жылаған дауысын естіген. Құтқарушылардың келгенін күтіп жатпай, көмекке ұмтылған.
Осылайша ол екі, төрт және жеті жастағы үш бүлдіршінді өлім аузынан алып қалды.