Славский атындағы жағалауда автобус қозғалысы қалпына келтірілді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 600 метрлік жер учаскесін су шайып кеткен болатын
Облыс орталығында автобустар бір тәуліктен астам уақыт бойы Стрелка ауданына қатынай алмаған. Бұл уақытта аталған аумақта автогрейдерлер мен Камаздар суды айдып шығару жұмыстарын жүргізген.
Кеше кешке жол бригадасы суды айдып шығару жұмыстарын аяқтап, жолға топырақ пен қиыршық тас төсеген.
- Славский атындағы жағалауда автобус қозғалысы толықтай қалпына келтірілді, - деп Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руфат Акрамов. - №2, 23, 6Б және №230, №231 маршрут автобустары бұрынғы кесте бойынша қатынауда.