Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейлік тұрғын үш ай бойы қымбат темекілерді ұрлап келген

Полиция қызметкерлері күдіктінің 22 іске қатыстылығын анықтады

Күдікті бейнебақылау камерасына түскенге дейін азық-түлік дүкендеріне шабуылдаған.

Қаңтар айының соңына таман Семей полициясына 53 жастағы жәбірленушінің шағымы келіп тұскен. Шағымда дүкенге келген белгісіз біреу сөреден түрлі маркалы жеті блок темекіні ұрлағандығы айтылады.

- Жәбірленуші азаматшаның айтуынша, өзін шаруа қожалық иесі ретінде таныстырған адам дүкенге кіріп, темекі өнімдерінің бірнеше блоктарын алған, - деп хабарлады Семей қаласының ІІБ баспасөз қызметі. - Содан кейін сатушыға көлікте төлейтін ақшасын ұмытқанын, бірер минутта әкелетінін түсіндіріп, сыртқа шығып кеткен. Нәтижесінде ол жымқырған темекі өнімдері шамамен 30 мың теңгеге бағаланған.

Дүкендегі камералардың көмегімен полиция күдіктіні ұстаған. Ол 40 жастағы бұрын сотты болған Семей қаласының тұрғыны екендігі мәлім болған. Тергеу барысында күдіктінің 300 мың теңгеден астам қаражатқа бағаланатын темекі өнімдерінің ұрлығына қатыстылығы анықталды.

- Күдіктінің мекенжайын іздестіргенде, оның үйінен ұрланған заттар табылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп түсіндіреді ведомствода.

Семей қалалық ІІБ полиция қызметкерлері өз бизнесін зиянкестерден қорғау үшін дүкен иелеріне арнайы бейнебақылау орнатуға кеңес береді.

Следующая →