ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілуде
Шығыс аймақтық әуе шабуылының құтқару бөлімшесінің білікті маманына 17 адам көмекке жүгінген
ШҚО ТЖД хабарлауынша, қазіргі уақытта Аягөз ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен адамдармен құтқарушы-психолог жұмыс жасауда.
17 адам психологиялық көмекке жүгінген.
- Негізінде біз алаңдаушылықты болдырмау және психологиялық қолдау көрсету әдістерін қолданамыз, - дейді Шығыс аймақтық әуе шабуылының құтқару бөлімшесінің психологі Оксана Петрова.
Қазір маман эвакуация орталығы - Аягөз қаласындағы №6 интернатта зардап шеккендермен бірге. Психологтан басқа орталықта терапевт және педиатр дәрігері бар.