ШҚО-да тасқын суы азайып, адамдар үйлеріне оралуда
Күршім-Маралды бағытындағы тас жолдың 39-шақырымында және Омбы-Майқапшағай бағытындағы тас жолдың 1321-шақырымында су тасқынына байланысты қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
Облыстағы 136 үйдің ішіндегі тасқын суы тартылғанымен тағы 6 жеке ғимарат су астында. Су басқан аулалардан 34 000 шаршыдай су арнайы құрылғылар арқылы сорылды.
Аягөз ауданында 260 адам өз үйлеріне оралды, құтқарушылар бөгеттер мен канализация құбырларын нығайтты. Өскемен қаласында 15 адам әлі күнге дейін туыстарының үйін паналауда. Құтқарушылар және коммуналдық қызмет мамандары су астында қалған жерлерде күні-түні жұмыс жасауда.
Көпірді шайып қалған Мамай батыр ауылында жол төсеніш ашылып, жаяу жүргіншілер жолы қамтамасыз етілді. Күршім ауданында да өткелден өту ұйымдастырылды. Құтқарушылар көпірді қалпына келтіру және айналма жол салу мәселесін әлі қарастыруда.
Облыс бойынша 660 бас ірі қара мал қауіпсіз жерлерге жіберілді. ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек, құтқару жұмыстарын жүргізуге 708 адам, 204 бірлік техника және 27 су сорғыш құрылғысы тартылған.