ШҚО-да тас жолдың жабылуына байланысты Өскемен-Зырян бағытында қосымша пойыз жіберіледі
Бүгін таңертең Өскемен-Зырян тас жолы су тасқыны мен көктайғақтың кесірінен жабылып қалған болатын
Өскеменнен Зырянға қатынайтын тас жолды жауын суы шайып, көктайғаққа айналуына байланысты жабылды. Ал облыстағы бұл ірі тас жолдың жабылуы тұрғындарға ыңғайсыздық туғызды.
- 11 наурыздан бастап Защита (Өскемен вокзалы) вокзалынан Зырян қаласына қарай қатынайтын №641 маршрутымен қосымша пойыз жіберіледі. Бүгін түнде сағат 23.20 шыққан пойыз таңертең сағат 6.00-де Зырянға жетеді, - дейді Solux Express жолаушылар тасымалы компаниясы.
Ал Зырян қаласынан Өскеменге қарай бұл қосымша рельс маршруты сағат 7.30-да шықпақ. Ал 14.00-де Өскеменге жетеді. Билет бағасы – 460 теңге (отыратын орындық), платцкарт – 900 теңге.