Шығыс өңірінің үйлерін су басуда
Устинка LIVE порталы редакциясының жедел желісіне күннің күрт жылынуы салдарынан облыстың әр ауданындағы ахуал жайлы видеолар келіп түсуде
Аномальды ауа райынан, күннің күрт жылынуынан және толассыз жауған жауын-шашын салдарынан бүкіл Шығыс Қазақстан зардап шегуде.
- Самоновка ауылының сыртында саяжайымыз бар. Көршіміз видео түсіріп жіберді. Оның айтуынша, су жағалау бойында орналасқан саяжайлардың терезесіне дейін жеткен, - деп Виктория Петрова есімді облыс орталығының тұрғыны хабарлады.
Кейбір аудандарда, тіпті, жолмен жүре алмайсың.
- Менің құрбым Қасым Қайсенов кентінде тұрады. Ол жақта жанармай бекетіне де жете алмайсың, - дейді қала тұрғыны Ажар Ризабекқызы
Редакцияға жолданған тағы бір видеода Мамай батыр ауылындағы жолдың жағдайы бейнеленген. Тасжолмен жүріп өту мүмкін емес. Барлығын су басқан.
ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда облыстың үш ауданы: Ұлан, Күршім және Аягөзде жұмыстар жүргізілуде.
Следующая →