Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО мұғалімдері мерекені атап өтуден қорқып отыр

Мұғалімдерге мереке кезінде сыйлық беруге болмайды

Өскемен қаласындағы мектептердің бірі білім бөлімінен оқушылар мен ата-аналардан сыйлық алуға тыйым салынғандығы жөнінде тапсырма келіп түскенін айтады. Ал жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандары оқу мекемелерін аралап, кезекшілік жасамақ.

- Пара алушыны мектептен іздеу ақылға сыймайды ғой. Мен өзім басым, гүл берсе, алар едім. Бұл – менің оқушыларымның маған деген алғысы. Шын көңілмен әкеліп тұрған сыйынан бас тарту баланың да көңілін қалдырады, - дейді мұғалім.

Ал оқушылар болса, мұғалімін мектепке құттықтай алмағандықтан, үйіне барып құттықтауға мәжбүр.

- Сынып жетекшіміз сыйлық алудан бас тартты. Сондықтан біз кешке балалармен жиналып, мұғалімнің үйіне барып, бір шоқ гүл мен бір қорап тәттіміздің апарып, құттықтайтын болдық, - дейді оқушы Валерия.

Ал қалалық білім бөлімі мұндай тапсырманың неден шыққанын түсіндірді.

- Мұғалімдерге гүл сыйлауға болады. Алайда конфет алуға болмайды. Көбінесе, материалдық құндылығы бар сыйлықтарға беруге тыйым салынуда. Мәселен, телефон, планшет, - дейді Өскемен білім бөлімі басшысының орынбасары Дмитрий Журавлев.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі гүл мен бір қорап шоколадта тұрған ештеңе жоқ деп отыр.

- Мемлекеттік қызметкерлер бағасы 2 АЕК (5000 теңге) асатын сыйлықты қабылдауға болмайды. Ал мұғалімдер мемлекеттік қызметкерлерге жатпайды, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев. 

Следующая →