Спорт сарайы маңында көлік апаты болып, кептеліс пайда болды
Даниель супермаркеті маңайында ГАЗель көлігі мен жолаушылар автобусы екеуі соғылып қалды
Қасым Қайсенов кентіне қарай қатынайтын автобус Абай даңғылына қарай шықпақ болған. Сол кезде ГАЗель көлігі тайғанақтап келіп, автобустың бүйіріне соғылған.
- Соққы ауыр болған жоқ. Соған қарағанда, зардап шегушілер жоқ сияқты, - дейді куәгерлер.
Ал көлік апатының кесірінен Абай даңғылы бойынша үлкен кептеліс пайда болды.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Авария у Дворца спорта Пробка в Усть-Каменогорске ДТП в Усть-Каменогорске