Өскеменде қалың түскен қарды күреу үшін 160 жұмыскер көшеге шықты
Коммуналды қызмет өкілдері қар күреуді түнде бастап кеткен. Алайда қар қалың жауып жатыр
Таңнан жауған қар көшені қалың қылып басып қалды. Ал коммуналды қызмет жұмыскерлері оны күрей алмай әуреге түсуде.
- Қазір қалада 98 техника мен 160 адам қар күреп жүр. Түнде 1200 текше метр қар күрелді. Бәрі жоспар бойынша жасалып жатыр, - дейді "Өскемен Тәртіп" кәсіпорнының баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова.
Тротуар қардан тазаланып болған соң, ол жерге құм себілуде. Алайда қалың жауған қар құмды лезде жауып қалып жатыр.