Шырт ұйқыда жатқан отбасы үйде өрт басталғанын білмей қалған
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 38 жастағы әйел адам мен тоғыз жастағы баланы жанып жатқан ағаш үйден алып шықты
Кеше Семей қаласындағы саяжай бірлестіктерінің біріндегі үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген уақытта үйде әйел адам мен баласы ұйықтап жатқан.
Үй тұрғындары жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына табысталды. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үйдің кіре беріс бөлмесінен екі газ баллоны табылды.
Өрттің шығуы бойынша болжалды нұсқа қарастырылуда – пешті жағу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау. Өрт салдарынан кіре беріс бөлменің ағаш құрылғылары мен төбе жабындысы, жеке затар өртеніп кетті.
Следующая →
Үй тұрғындары жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына табысталды. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үйдің кіре беріс бөлмесінен екі газ баллоны табылды.
- Үй тұрғындары дәрігерлер қарауынан кейін үйде қалды. Өйткені ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болмады, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.