3 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Путин ресми дәлелдерді талап етті
Ресей президенті американдық биліктен осыған дейін АҚШ-ғы президенттік сайлауға араласты деп айыпталған 13 ресейлік азаматтың құжаттарын РФ Бас прокуратурасына ұсынуды талап етті, деп хабарлайды Корреспондент.net. Ресей жетекшісі бұл туралы NBC News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
- Мен бірінші олардың не істегендерін көруім керек. Бізге құжаттар мен ақпараттарды беріңіздер. Сізге және Конгресске деген құрметімді есепке алсам, сіздерде заңды деңгейі бар адамдар болуы керек. 100 пайыз болуы керек. Жақсы білімі бар адамдар Ресейде ресейлік заңнаманы бұзбағандарды қудалай алмайтынымызды түсінеді, - дейді Путин.
РФ президенті Ресей Федерациясының бас прокуратурасына ресми сауал керек екенін де ескертті.
- Бізге құжатты, ақпаратты беріңіздер, - дейді Путин.
Оның айтуынша, "мұның барлығы баспасөз, айқай, АҚШ Конгрессіндегі дау-дамай арқылы емес, ресми арнамен жүруі керек".
Бразилия президентіне пара алды деген күдік ілінді
Бразилия мемлекетінің басшысы Мишел Тамер Odebrecht құрылысшысы жағынан төлем бойынша тергеудің арасына ілікті, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Істің мәні 2014 жылғы Бразилия демократиялық қозғалысы партиясының құрылыс фирмасын заңсыз қаржыландыруына келіп тұр.
Темердің ізіне түсу туралы шешімді елдің Жоғарғы соты шығарып отыр.
Темер – жемқорлық шатағына ілігіп отырған Бразилияның үшінші президенті.
Заңнама бойынша ел президенті қолсұғушылықтан біршама босатылады. Сондықтан оған айыпты тек Жоғарғы сот шығара алады.
2 миллионнан астам американдық жарықсыз қалып отыр
Ұшақтардың қозғалысын бақылайтын FlightAware АҚШ компаниясы үш мыңға жуық әуе рейсін кейінге қалдырды, деп хабарлайды life.ru.
Табиғаттың дүрлігуіне байланысты шығыс жағалауындағы 2,2 миллионнан астам адам жарықсыз қалып отыр.
Мичиганның орталық университетінде белгісіз біреу атыс шығарды
Атыс нәтижесінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды МИР 24.
Полиция өкілдері хабарлағандай, күдікті әлі бостандықта жүр. Олардың айтуынша, атысты 19 жастағы афроамерикандық шығарған.
Кампус аймағы қазір жабық. Оқиға орын алған аудандағы адамдарға қауіпсіз орын табу ескертілді.
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Вмешательство России в выборы президента Президент России Владимир Путин Президент Бразилии Мишел Темер Коррупция в Бразилии Шторм "Райли" в США Стрельба в Мичигане