ШҚО-да аң аулаған екі қарағандылық тұрғынға қатысты қылмыстық іс ашылды
Шығыс Қазақстанда елік аулаған екі қарағандылық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалуда
Сұғанақ аңшыларды Аягөз ауданының полицейлері ұстап алған. Аңшылар бес елікті жастандырған.
Тәртіп сақшылары аңшылардан 12 калибрлі мылтықты тәркілеп алған.
- Заңсыз аңшылық жасағаны үшін қос азаматқа қылмыстық іс ашылды. Мемлекетке келген шығын – 2,7 млн теңге, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.