Өскеменде кәріздің сорғыш бекеті жөнделеді
Өскеменде алғаш рет сорғыш кәріз бекеті жөнделіп, апат азаймақ
Жабдықтарды қолданысқа бергеннен бері 44 жыл өтті, кәріз сорғышы әлі жөнделмеген. Өскемен қаласы әкімдігі №30 и №31 кәріз бекеттерін жөндеу үшін неміс компаниясымен келісімшартқа отырды.
- Кәріз бекетін жөндеу үшін қаржы Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінен алынып отыр. Бұл нысан 1974 жылдан бері жөнделмеген болатын, - дейді "Өскемен Водоканал" кәсіпорнының директоры Ержан Әубәкіров.
Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сорғыш станцияның барлық техникалық жабдықтары жаңартылып, автоматтандыру жүйесі жетілдіріледі әрі ғимарат толықтай жөнделеді. Бұған 1,5 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Жұмыс бір жылдың ішінде бітеді.