57 жастағы азаматқа иіс тиді
Өскемен қаласында 57 жастағы ер адам өз пәтерінде абайсызда өрт шығарып, өзі иіс газына уланып қала жаздады
Кеше Қазақстан көшесіндегі үйлердегі пәтерлердің бірінде өрт шықты.
Өрт сөндіру қызметін көршілері шақыртқан. Пәтерден 57 жастағы үй иесі сыртқа шығарылып, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үстіңгі қабаттан тағы бес адамды далаға шығарды, олардың екеуі - балалар. Өртке темекі шегу барысында отқа салғырт қарау фактісі себеп болды деген болжам бар.
Өскемен қалылық ТЖБ баспасөз қызметі ұсынған ақпараттар бойынша, өткен демалыстарда қалада барлығы үш өрт оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Следующая →