Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бүгін 10-нан бастап трамвай тоқтайды

Бұл туралы "Шығысэнерготрейд" ЖШС-ға сілтеме жасай отырып, Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Бүгіннен бастап күнделікті 10.00-ден 17.00-ге дейін трамвайлар қозғалысы шектеледі.

Трамвай паркінің энергетикалық компания алдындағы қарызы - 70 млн теңгені құрады. Қарызды өтеу қарқыны өте бәсең болғандықтан, "Шығысэнерготрейд" ЖШС желіге электр қуатын беруді шектемек.

Қалалық әкімдіктегілер трамвай бағыттарымен қатынайтын автобус маршруттары шыққанын айтады. №15 бағыттағы автобус №3 бағыттағы трамвайдың, ал №27 бағыттағы автобус №1 және №2 бағыттағы трамвай жолымен қатынайды.

Ал трамвай паркінің басшылығы трамвайлардың түбегейлі тоқтап қалмауы үшін қолдан келгеннің барлығын жасауда.

- Біз энергиямен жабдықтау компаниясымен келісім жүргізіп жатырмыз. Бізде ақша құюға дайын инвестормен келісімшарт жасалды, тек екі апта күту ғана қалды, - дейді парк директоры Анатолий Успенский. – Бірақ неге екені белгісіз, бізде инвестор пайда болған уақытта мәселелер де шыға келеді. Бұл жағдай бұған дейін де болған.

Следующая →