Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлыбританияда күн қуатымен жұмыс істейтін пойыздар пайда болады

Бұл бір жағынан қуат желілеріндегі қысымды төмендетсе, екіншіден елдің экологиялық жағдайын жақсарта түседі

Лондон Империялық колледжінде жұмыс істейтін инженерлер ерекше шешімдерін талқыға шығарды, деп хабарлайды Hi-news.ru сайты. Олар темір жолдардың бойына күн қуатын жинайтын тақташаларды орнатып, одан алынған қуатты пойыздардың қозғалтқыш жүйесіне бағыттамақ. Бұл электр қуаты тапшылық тудырып тұрған аудандардың шығынын төмендетіп, желілерге түсетін қысымды азайтады.

Профессор Тим Грин қуат желілері жетпейтін Ұлыбританияның көптеген жерлерін атайды. Егер күн қуаты қосылса, бұл мәселе шешімін табады. Осылайша, пойыздар тегін және экологиялық таза электр қуатымен қозғалатын болады.

Қазіргі уақытта жобаға "жасылдар" қызығушылық тудырып, қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Енді бірінші электрпойызы 2018 жылы шығып қояды деген үміт бар.

 
Следующая →