Өскемен тұрғынына жедел қан құю қажет
Туысқандарының айтуынша, қазір Галина Малышеваның халі ауыр күйде
Галина Малышеваға өткір лейкоз деген диагноз қойылды
- Апам көптен бері ауырып жүр, - дейді немересі Александра. - Негізінен үйде емделіп келді. Жағдай ушыққанда жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Қазір дәрігерлер апама көмектесу үшін донор керек дейді.
Көмектесу үшін Көкжал Барақ көшесі, 11 мекенжайындағы Қан орталығына барып қан тапсыруға болады.