Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жұмыссыз ба, әлде өз-өзін қамтыған ба?

Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың әрекетін заңдастыру үшін жаңа заң құру жоспарлануда

Бейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық осыған дейін әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып, әлеуметтік қорғалмағандардың қатарына жатқызылды. Осыған байланыс-ты барлық деңгейдегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ресми түрде "қалыптастыру" қажеттігі туындап отыр. Бұл не үшін қажет?

Әлі жарық көрмеген заңнан не күтеріміз белгісіз. Бірақ бұл санаттағы халық тобы әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесі жобасын ақсатып тастағаны аян. Себебі жаңа жүйе бойынша "жұмыс берушілер - жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар - өздері үшін жарна төлеуге тиіс". Бұл азаматтар тобы заңды тұрғыда тіркеліп, бекітілмеген. Мұнымен қоса, мұндай адамдардың саны республика көлемінде 2 миллион адамнан асып жығылады. Сондықтан, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі "жартылай" 2020 жылға дейін шегерілді. Яғни, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар жарна төлеуді жалғастыра береді. Ал өз-өзін жұмыспен қамтыған халық арнайы статус алатын болады. Бұл туралы әңгіме өрбітпес бұрын "өз-өзін жұмыспен қамтыған" халықтың ішіне кімдер кіретінін анықтап алалық.

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-В Заңына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға - табыс алу үшін тауарлар өндірумен, жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооператив мүшелері, облыстық кәсіпорындардың және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы, жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар, сонымен қатар өзінің кәсіпорнын, фермасын басқарушы, сондай-ақ, кәсіби қызметпен немесе өз бетінше кәсіпкерлікпен айналысушы және үнемі жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы адам жұмыс берушілерге жатады. Бұл - Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы берген түсінік.

- Жеке пайдалануға арналған өндірістерді қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар мен қызметтерді өндірумен айналысатын адамдарға кәсіпорынды заңды тұлға ретінде тіркемей, өзінің жеке кәсіпорнында, фермерлік шаруашылықта, жалдамалы қызметкерсіз немесе жалдамалы қызметкермен жұмыс істейтін адамдар кіреді, - дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асхат Садиров. - Сонымен қатар, қызметін тіркеп те, тіркемей де заңды тұлғаның білімінсіз, жалдамалы қызметкерсіз немесе жалдамалы қызметкермен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар да, үй шаруашылығында ауылшаруашылық, орман шаруашылығы өнімдерін өндірумен, өткізу үшін аң және балық аулаумен айналысатын адамдар да, үй шаруашылығында өндірістік тауарларды өндірумен және сату үшін қызмет көрсетумен айналысатын адамдар кіреді.

Яғни, бұл санатқа көшедегі шекілдеуік сатқан адамнан бастап, өзен торуылдап жүрген балықшы да, аң аулап күн көрген орманшы да, ауылдағы "малым жанымның садағасы" деген тұрғын да кіреді. Ресми тұрғыда сипаттасақ, мұндай адамдардың қарасы аздай-ақ. Бірақ құрылыс алаңдарында жұмыс "көлеміне" жалданған, бейресми түрде аудан, қала аралап адам тасыған такси жүргізушілері де, "асарға" барып жүрген отағасы да, үйінде бауырсақ, шелпек, торт, тоқаш пісіріп әлеуметтік желіде сатып жүрген әпке-аналарымыз да, аяқ-киім мен көйлек тіккен шеберлер де, елді ұлан асыр тойға шақырып жүрген асаба да, тағысын тағылары "өзін-өзі жұмыспен қамтыған" халық. Сонымен қатар, туысының иелігіндегі жеке меншік отбасылық кәсіпорында ақысыз жұмыс істейтін адамдар, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері жатады. Жалпақ тілмен айтсақ осылай. Ендігі кезекте, заңды тұлға ретінде тіркелгендер мен жұмыссыздар, өз-өзін жұмыспен қамтығандар туралы статистикалық деректерге сүйенсек.

- Зерттеу деректері бойынша 2017 жылғы 3 тоқсанға облыстағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны - 203 889 адамды, ал жұмыссыз халықтың саны 34678 адамды құрады. Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8% шамасында қалыптасты, - дейді ШҚО Статистика департаментінің басшысы Әлімбек Мақажанов. - 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 21472-ні құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны - 13687.

Қазіргі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың статусын анықтау жұмыстары басталып кеткен. Алайда бұл ретте өзінің алғашқы мәселелері де айшықтала бастады.

- Бұл халық тобын бөліп, анықтау қажет. Арнайы орындарға тіркелмей жұмыссыз жүргендер де бар, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік қызмет бөлімінің басшысы Эльмира Рахимбаева. - Қазір олардың статустарын анықтау жұмыстарын жүргізудеміз. Олар жұмыссыз ба, әлде өз-өзін жұмыспен қамтыған ба? Осыны анықтау керек. Егер жұмыстары болмаса, ауылды жердің әкімдіктеріне тіркелуі керек. Мұндай жағдайда мемлекет олардың атынан жарна төлейтін болады. Мұнымен қоса жұмыс тауып беруге қолдау беріледі. Қазір бұл жұмыстар басталып кетті. Алайда ақпараттық жүйемен бірқатар қиындықтар туындап, оларды интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мемлекеттік кіріс органдарында тіркеле алады, міндетті түрде тіркелуі қажет азаматтар ҚР Салық кодексінде көрсетілген. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мемлекет тарапынан жұмыссыздықтан қолдау алу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту органдарына жүгінуге құқылы.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 5 мыңнан астам бос жұмыс орындары бар, осы бос жұмыс орындар бойынша толық мәліметті электрондық еңбек биржасынан көруге болады. Электрондық еңбек биржасы - бос жұмыс орындары және түйіндемелерді ақысыз негізде жариялап, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлік алаң.

Следующая →