Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Облыс әкімі Даниал Ахметов оның орнына темір жол мен әуе тасымалына көп мән бермек
Биыл Семей мен Өскеменнен Алакөлге баратын темір жол маршрут іске қосу жоспарланып отыр. Ал билет бағасы 2 мың теңге болмақ.
Маусым айынан бастап "Өскемен – Жалаңашкөл – Өскемен", "Семей – Жалаңашкөл – Семей" темір жол маршруты бойынша пойыздар қатынай бастамақ. Бұл пойыздардың билет бағасы арзан болуы үшін 294 млн теңге субсидия бөлініп отыр.
- Пойыздар аптасына төрт рет қатынаса, тұрғындар үшін сол жеткілікті деп ойлаймын. Бұл қазына қаражатын екі есе үнемдеуге мүмкіндік береді, - дейді Даниал Ахметов.
Теміржолдан өзге субсидия қаржысы ұшақ қатынасына да бөлінбек. Қазіргі уақытта Үржар – Алматы мен Үржар – Астана бағытында ұшатын ұшақтарға субсидия бөлінген.