Үш баланың анасы жоғалып кетті
37 жастағы Риддер қаласының тұрғыны Любовь Магомадова 14 ақпан күні үйінен шығып, іс-түссіз жоғалып кеткен
Жоғалған әйелді полиция да, еріктілер де тоғыз күн қатарынан іздестіруде.
Бокова көшесінде орналасқан үйден шыққанда Любовь Магомадова көк күртке, сұр байлауыш, қара белдемше киінген.
Полиция ұсынған деректер бойынша, Любовь Евгеньевна орта бойлы, шашы иығына дейін және ашық түсті, көк көзді азаматша. Әйелді күйеуі мен үш баласы күтуде.
Любовь Магомадова туралы ақпаратқа ие адамдарға 8-777-851-18-50 немесе 102 каналына хабарласуды сұрайды.