Ресей шенеуніктерінің қайшылығы пышақтасумен аяқталды
Оқиға Ингушетиядағы Назран ауданының Плиево ауылында орын алды
Плиева ауылы әкімшілігінің басшысы өзінің орынбасарымен ұрсысқан.
Біраз уақыттан соң қайшылыққа бірнеше адам араласқан. Орын алған төбелес нәтижесінде шенеунік пышақтан жараланып, бірнеше адаммен бірге жедел ауруханаға жеткізілген.
- Бір адам пышақтан жараланып, екіншісі дене зақымын алған, - дейді аудандық құқыққорғау органының баспасөз қызметі.
Аталмыш оқиға бойынша тергеу шаралары басталды.