Өскеменде айыппұл төлемегендер көліктерінен айырылады
Қала полицейлері 22-24 ақпан күндері "Айыппұл төле" акциясын өткізеді
Ал айыппұл төлемеген жүргізушілер ұсталса, олардың көліктері айыппұл тұрақжайына жіберіледі.
- ҚР Әкімшілік кодексінің 785-бабына сәйкес, айыппұлын төлемеген жүргізушілердің көлігі арнайы тұрақжайға тоғытылатын болады, - дейді Өскемен ІІБ баспасөз қызметі.
Ал көліктер айыппұл төленгенге дейін тұрақжайда тұратын болады.