Көліктерді заңсыз жабдықтаған
Облыстағы полиция қызметкерлері жүргізушілердің жол-қозғалыс ережелерін бұзатындығын және көліктердің техникалық талаптарға сай келмейтіндігін анықтады
Облыста жүргізілген "Автобус" шұғыл алдын алу шаралары қорытындыланды.
Тәртіп сақшылары 4 апта ішінде мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық фактілерін анықтады. Оның ішінде көлік тізгінінде ұялы телефонмен сөйлескен 206 жүргізуші, көлік жылдамдығын асырған 48, қарсы жолаққа шыққан 3 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, еңбек және демалыс режімін бұзу бойынша 24 факті тіркелген.
Автобустарды тексеру бойынша 21 көлік заңсыз жабдықталған. Мәселен, ШҚО ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 22 жастағы азамат көлікке газ баллон құрылғысын тиісті рұқсатсыз орнатқан. Жүргізуші ҚР ӘПК 509-бабы 7-бөлімі бойынша жауапқа тартылды.
Следующая →