Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыстық травматология орталығы ашылады

Семейде медициналық жедел жәрдем ауруханасының базасында жаңа политравма және ортопедия орталығы ашылмақ

Семейде жаңа политравма және ортопедия, гематологиялық орталықтары ашылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов мәлімдеді.

- Медициналық орталықтарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің үш жылдық бағдарламасы аясында 2018 жылы Семей қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының базасынан облыстық травматология орталығын ашуды көздеп отырмыз, - дейді Марат Шоранов. - Бұл үшін бізде барлық ресурстар жеткілікті. Жаңа политравма және ортопедия орталығы республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші мамандарымен бірге ішкі протездеу және күрделі жарақаттарды емдеу үшін ең озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Семей қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының рөлі өте маңызды, себебі бұл аурухана облыстың 9 ауданына қызмет етеді.

Медициналық жедел жәрдем ауруханасында қазіргі таңда мультимедиалық құралдармен жабдықталған ота жасау бөлімі, инсульт орталығы, ондағы науқастарды қалпына келтіру залы жұмыс істейді. Мұнымен қоса, физиотерапия бөлімі мен екі гимнастика бөлмесі бар.

Айта кету керек, Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасында жыл сайын үш мыңға жуық ота жасалады. Олардың жартысына жуығы төтенше және жоспарлы ота болса, 1300-ден астамы травматологиялық ота түрлері.

Следующая →