ШҚО-да диабет ауруымен ауыратындарға арнайы төлқұжат беріледі
Мұнда науқас ауыр жағдайға душар болған кезде қандай алғашқы медициналық көмек жасау қажеттігі жазылған
Сусамыр ауруымен ауыратын адамдарға оның аты-жөні, терапея алған мекеменің телефон нөмірі мен ҚР Диабет қауымдастығына мүшелігі берілген белгісі бар арнайы құжаттар берілмек. Ал құжаттың артқы жағында науқас есінен танып құлаған жағдайда қандай көмек жасау қажеттігі көрсетілген әрі жақын жердегі ауруханалардың біріне жеткізуі керектігі айтылған.
- Төлқұжат ауруларға қиын жағдайға тап болған кезде айналасындағы адамдар оған қандай да бір көмек қолын ұсынып, көмек жасауына мүмкіндік беру үшін беріліп отыр, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджанов.
Егер тұрғын естен танған науқас жұта алатын болса, онда тәтті тағам беру керек. Мәселен, қант, кәмпит, тәтті сусын. Кейін жедел жәрдемге хабарласып, ауруханаға жеткізуі қажет.