Ресей азаматшасы еліне қайтпай қойған
Ресей азаматшасы Өскеменге қонаққа келіп, ұрлық жасаған. Ол қылмысы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды
Жазасын өтегеннен кейін Қазақстанның миграциялық қызметі құқықбұзушыны елден шығару үшін сотқа талап жөнелткен. Талап қанағаттандырылып, 10 күннің ішінде ол елден кетуі керек болатын. Бірақ ол кетпеген.
Шетелдік азаматтар тұратын мекенжайларды тексеру барысында тәртіп сақшылары ресейлік азаматшаны тағы тауып алған. Ол қайта тұтқындалып, сотталды. Өскемен қалалық №2 сотының ақпараттарына сүйенсек, ол енді 60 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп, елден шығуы керек.
Следующая →