Жауап алу үшін Виктор Храпунов кезекті мәрте Астанаға шақыртылды
Алматы қаласы мен ШҚО-ның бұрынғы әкімі бұған дейінгі шақыртуды елемеген болатын
Қазақстанның Жемқорлықпен күрес қызметі БАҚ-та Виктор Храпунов пен оның зайыбын 2018 жылдың 26 ақпан сағат 15.00-ге дейін жауап алу үшін Астанаға жетуі туралы талапты жариялаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы қаласы мен ШҚО-ның бұрынғы әкіміне пара алу, қызметін өз мақсаттарына асыра пайдалану, алаяқтық, мемлекет мүлкіне қол сұғу сынды бірнеше айып тағылған.
Қазір Храпуновтар әулеті Швейцарияда тұрып жатыр. Жемқорлықпен күрес қызметі бұл хабарды жеткізер деген ниетпен басылмдардың көмегіне жүгінген.
Айта кетейік, Храпунов бұған дейін 2017 жылдың қазан айында жауап беруге шақыртылған болатын. Бірақ отбасы бұл шақыртуға мән бермеген еді.
Следующая →