Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктің үйінен раритетті қарулар арсеналы табылды

ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының мамандары Өскемен қаласының тұрғыны үйінде заңсыз сақтаған суық және атыс қаруларын тапты

Көне қаруларды жиюшы азаматтың үйін тінту барысында ойық ұңғылы біратар винтовка мен екі тегіс ұңғылы қару, сонымен қатар 16 калибрлі патрондар табылған.
Криминалист мамандардың тұжырымдары бойынша 46 жастағы қала тұрғыны өз үйінде заңсыз сақтаған қарулардың барлығы қолданысқа жарамды.

- Атыс қаруларынан өзге үйден тағы суық қару да табылған. Мәселен, "1916 жыл" нақыштамасымен "Бебут" орыс қанжары, бірінде "1941 жыл" деп көрсетілген жазбасы бар қара түсті және неміс иероглифтерімен нақышталған сабы күміс түстес екі қысқа қанжар анықталды, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Криминалистер суық қаруды зерттеуге сараптама жүргізуде.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы орайда айта кетейік, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында жалпы саны 200 бірлік заңсыз сақталған қару анықталған. Оның ішінде 20-сы кесу ал 141-і тегіс ұңғылы қару.

Следующая →