Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Назарбаев мемлекет пен халық қаржысын ұрлағандарға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан бюджетінен ақша жымқыру жағдайы туралы айтылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет пен халық қаржысын ұрлағандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

- Қазір лицензиясынан айырылған  Delta Bank-ке несиенің шамамен 100 пайызы банк акционерінің бақылауындағы компанияларға тиесілі. Банк өз есебінде бұны көрсетпеген. Ол тексеріс барысында ғана анықталған. Бұл банктің 60 пайыз міндеттемесін мемлекеттік сыңайлы банктердің есептері құраған. Ал Bank RBK-да несиенің 90 пайызы банктің акционері болып табылатын немесе байланысы бар тұлғалар болып табылатын төрт қарыз алушыға берілген, - деді Ұлттық банктің басшысы Данияр Акишев.

Осыған орай Елбасы Ұлттық банк басшысынан бұның қашан аяқталатындығын сұрады. 

- "БТА Банкі" Аблязовтың басшылығымен жаппай мемлекет ақшасын жымқырды. Қазір біз әлемнің түкпір-түкпірінен бұның ұрлық екенін дәлелдеп отырмыз. Ал қазіргі жағдай қалай? Банктерді құрдық, азаматтар мен ұлттық компаниялар оларға сенім білдіріп барса, акционерлер олардан ақша суыруда. Ұлттық банк еш шарасыз қарап отыр, - деді Елбасы. - Олай болса, бізге бақылау органдарының қажеті қанша? Басқа банктердегі жағдай да оңып тұрған жоқ. Бұл менің ызама тиеді. 
Следующая →