Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен сарапшылары «Экологиялық патруль» жұмысы туралы есеп берді

Экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкерлері Өскемен тұрғындарын алаңдататын сұрақтармен бөлісті

Былтыр Өскемен қаласының тұрғындарына арналып қандай да бір экологиялық тәртіпбұзушылықты байқаған жағдайда, тікелей хабарлауына арналған WhatsApp нөмірі іске қосылған болатын. 

«Экологиялық патруль» қызметіне барлығы 330 хабарландыру келіп түскен. Хабарландырудың басым бөлігінде заңсыз қоқыс төгу туралы хабарланған. Сол сияқты қала тұрғындары өндірістік кәсіпорындардан бөлінетін қалдықтар туралы бейнежазбалар, ауаны ластаған көліктердің суреті, ағаш кесу фактілері, канализациялық қалдықтардың төгілуі сынды деректер келіп түскен. Мұнымен қоса, 85 рейдтік шара мен қала аудандарын тексеру жұмыстары жүргізілді. Рейд қорытындысы бойынша мемлекеттік экологиялық және құқыққорғау құрылымдарына 38 хабарландыру жолданды.

- Бірде бір хабарландыруды назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары арнайы реестрге бекітіліп, коммуналды кәсіпорын қызметіне беріледі. Өнеркәсіп кәсіпорындарына шағым түссе, бірден экологиялық қызметпен байланысамыз. Ал мемлекеттік атқарушы органдардың көмегі қажет болса, хабарландыру жазып, БАҚ өкілдеріне жүгінеміз. Мұндай хабарландырулар Қазақстанның өзге қалалары – Алматы және Шымкенттен де келеді, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.

«Экологиялық қауіпсіздіктің» ең ерекше табысы медициналық қалдықтар, Ертіске төгілген отын, Бұқтырма су қоймасына төгілген канализациялыұ ағындар болды.

Айта кету керек, экологтар экологиялық тәртіп бұзылған жағдайда оның мекен жайы, уақытын 87057526566 нөміріне жазуды сұрайды.

Следующая →