Облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне дәріс оқиды
Жаңа жылдан бастап кейбір аудан мен қалалар жергілікті бюджетті өз қолдарына ала бастағаны белгілі
Соған орай, облыс әкімі Даниал Ахметов әкімдерге бюджетті басқару мен қолданудың қыр-сырын үйрету үшін арнайы семинар өткізбек. Ал 5 ақпан күні оқыған алғашқы дәрісінде аймақ басшысы мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына тигізер Елбасының рөліне тоқталды.
- Сіздер – мемлекеттің менеджерлерісіздер. Өз аудандарыңызға тиесілі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздеріңіз шешесіздер, - деп атап өтті Даниал Ахметов.