Жүргізуші жалған құжатпен қолға түсті
Тәртіп сақшылары Өскемен қаласының шетінде жалған жүргізуші куәлігі бар жүргізушіні ұстады
Өскемен қаласынан шыға берістегі "Жастар" стационарлық-бақылау орнында ШҚО ІІД жол-патрульдік полициясы тексеру үшін "Volvo" жүк көлігін тоқтатқан.
Көлік тізгінінде отырған 55 жастағы жүргізуші Алматы қаласынан Өскеменге бет алған.
Құжаттарды тексеру барысында инспекторлар құжаттардың жалған екенін байқаған. Өйткені құжат тым жұқа әрі иілгіш болып шыққан. Жіті тексеріс барысында бұл серия мен нөмірдегі құжаттар басқа азаматтың атына берілгендігі анықталған. Одан өзге жүргізуші миграциялық заңнаманы да бұзған көрінеді.
Следующая →

- Жүк көлігінің жүргізушісі Ұлан АІІБ полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу ісін бастау үшін сараптама жүргізілуде.