Шығыс Қазақстанның тұрғыны өз үйінде тірідей өртеніп кеткен
Өрт сөндірушілер 64 жастағы ер адамның өртенген денесін анықтап, газ баллоны жарылысының алдын алған
Қайғылы оқиға Жарма ауданында орын алған. Өрт сөндірушілер үйдің ас бөлмесінен газ баллонын дер кезінде анықтаған. Егер аталған газ баллоны дер кезінде сыртқа шығарылмаса, құтқарушылар бригадасының барлығы зардап шегуші еді.
ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес, мерт болған ер азамат өрттің шығуына себепкер. Сөндірілмеген темекі тұқылы салдарынан өрт шыққан. Мас ер адам темекі тұқылын жерге тастап, өзі ұйықтап қалған.