Риддер қаласының 46 жастағы тұрғыны жоғалып кетті
Ол соңғы рет туысқандарымен Өскемен қаласында жүрген кезінде хабарласқан
Еріктілердің сөзіне қарағанда, Сергей Анчугин баратын жеріне дейін жетпеген. 28 қаңтардан бастап ер адамнан еш хабар жоқ.
Ұялы телефоны өшіп жатыр. Туған-туыстары полицияға арыз жазып, іздеу жариялады.
Сергей Анчугин үйден ұзын қара күрте мен болон шалбар киіп шыққан. Аяғында қоңыр бәтеңке, ал басында теріден жасалған бас киім.