Жол үстіндегі өткел маңында «Аялдама жасауға тыйым салынған» белгісі орнатылды
«Даниэль» Сауда үйі маңында жол қозғалысына шектеу қойылған тыйым салу белгісі орнатылды
Өскемен қаласында жол үсті өткелін салу жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Бұл маңда жол үсті өткелін тұрғызу үшін тіреуіш бағандар салынуда. Сондықтан «Аялдамаға жасауға тыйым салынған» белгісі қойылды. Металл конструкторлары дайын. Іргетасы құйылған. Коммуналды қызмет желілерін ауыстыру жұмыстары бітейін деп қалды. Тек су құбырын өткелдің астына қою жұмыстары ғана қалды, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі Бауыржан Сүлейменов.
Ал өткел осы жылдың жазына дейін салынып бітуі мүмкін.