Өскемен тұрғындары қоқыстың тазаланбағанына наразы
Потанина және Дзержинский көшелерінің тұрғындары өткен аптадан бері контейнердің қоқыстан тазаланбағанын айтуда
Контейнерде қоқыс салатын орын жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшілері.
Сондықтан тұрғындарды қоқыс салынған пакеттерді контейнердің жанына сүйеп қойып кетуден басқа амалы жоқ. Ал маңайда қаңғыбас иттер көбейіп кеткен.
Контейнерді тазалау - "Өскеменспецкоммунтранс" міндеті. Ал абоненттік бөлім қызметкерлері басшылық орнында жоқ болғандықтан, жағдайға түсініктеме бере алмайтындығын жеткізді.
Следующая →