Ертістің суы бақшаны басып, үйге жетті
Жұма күні Глубокое ауданындағы өзеннің тармағы қатып, өзен суы күрт көтеріліп кеткен
Ертістің суы бірнеше сағаттың ішінде көтеріліп, сенбі күні Прапорщиков ауылы тұрғындарының үйлеріне дейін жеткен.
Жергілікті тұрғындардың сөзіне сүйенсек, су арналардан өткен түні шыға бастаған. Ал дәл сол жұма күні ШҚО ТЖД өзен тармағы қатып қалғандығын ескерткен. Төтенше жағдай мамандары оқиға орнына жеткен.
Бірақ құтқарушылардың қауіпті аймақта кезекшілікте тұрғанына қарамастан, учаскелік полиция қызметкері бір үйдің азаматтарын басқа жерге көшіруге мәжбүр болған. Тәртіп сақшысы таңғы уақытта аймақты тексеру барысында арық суы көтерілгенін байқаған. Жағалауды жағалай үй салынғанын және су басу қаупі төнген уақыттарда бұл үйлерді су шайып кететінін білген ол бірден қауіп төнген үйлерге аттанған.
Ертістің суы Прапорщик, Уваров ауылдары Глубокое ауданының ерекше бақылауында тұр.
Следующая →

- Бұл бірінші рет орын алып отырған оқиға емес. Су басу қаупі төнгендіктен бірден әкімшілікке хабарластым, - дейті тұрғын Евгения Дребнева. – Келесі күні әкімдік өкілдері мен құтқарушылар келді. Олар төңіректі қарап шығып, кезекші топты қалдырып кетті.
Бірақ құтқарушылардың қауіпті аймақта кезекшілікте тұрғанына қарамастан, учаскелік полиция қызметкері бір үйдің азаматтарын басқа жерге көшіруге мәжбүр болған. Тәртіп сақшысы таңғы уақытта аймақты тексеру барысында арық суы көтерілгенін байқаған. Жағалауды жағалай үй салынғанын және су басу қаупі төнген уақыттарда бұл үйлерді су шайып кететінін білген ол бірден қауіп төнген үйлерге аттанған.
- Полиция майоры Руслан Оразаметов үйге келгенде аула мен бақшаны түгел су басқан екен, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Үйде 80 жастағы кейуана мен екі немересі болған. Тәртіп сақшысы үйдегілерді арқасына көтеріп көлікке дейін жеткізген.