Риддердегі оқиғадан кейін тиісті шаралар қабылданады
Өткен аптада Риддер қаласындағы «Соколок» демалыс орнында сырғанақ теуіп жүрген екі бойжеткен ауыр жарақат алған
Куәгерлердің айтуынша, демалыс орнындағы тау бөктері арнайы жабдықталмаған, адамдардың сырғанауы үшін қауіпсіздік шаралары жүргізілмеген.
Риддер қаласы әкімшілігі мәлімдегендей тау бөктерінде әр жарты сағат сайын қауіпсіздік шараларын ескертіп отыратын үш дауыс ұлғайтқыш құрылғы орнатылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлер сырғып келе жатқан адам асықпай тоқтау үшін қарсыбұлтару жасаған, төңірек жарықтандырылған.
Ал жергілікті халық бұның барлығы қауіпсіздік үшін жеткіліксіз деп біледі. Ал билік өкілдері бұл наразылықпен келіскен сынды. Енді тиісті шаралар қабылданатын болады.
Следующая →
- Тау баурайында сырғанауға қажетті заттарды жалға беретін орын бар. Жеке кәсіпкер өз қаражатына қауіпсіздік шараларын жасап қойған, - деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Данияр Дүйсембаев.
Риддер қаласы әкімшілігі мәлімдегендей тау бөктерінде әр жарты сағат сайын қауіпсіздік шараларын ескертіп отыратын үш дауыс ұлғайтқыш құрылғы орнатылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлер сырғып келе жатқан адам асықпай тоқтау үшін қарсыбұлтару жасаған, төңірек жарықтандырылған.
- Ол жерде екі сырғанақ бар: бірі балалар үшін, екіншісі ересектерге арналған, - дейді Данияр Дүйсембаев. - Сырғанақ тебушілер төмендегі автокөліктерге сырғанақ шығып кетпесі үшін биіктігі 2,5 метрдей қар төгілген.
Ал жергілікті халық бұның барлығы қауіпсіздік үшін жеткіліксіз деп біледі. Ал билік өкілдері бұл наразылықпен келіскен сынды. Енді тиісті шаралар қабылданатын болады.
- Спорттық жабдықтарды жалға беретін кәсіпкерлермен әңгімелестік. Олар еңіс биіктігін шектейтін қосымша шлагбаум орнатуға келісті, - дейді Данияр Дүйсембаев. - Сонымен қатар, еңіске тор орнатылады. Барлық демалушылар қауіпсіздік шараларын сақтаулары керек.