Шолпан ауылында А гепатитіне шалдыққандар саны артты
Үржар ауданындағы Шолпан ауылының тұрғындары науқастар саны ресми мәлімденгеннен де көп деген ойда
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандарынан құралған арнайы комиссияның тексерісінен кейін тағы 19 адам инфекция жұтырғандығы анықталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Онымен қоймай науқастар дәріні өз қаражаттарына сатып алып, ал ауруханаға жатқызылғандар аудандық ауруханаға өз қаражаттарына жеткен.
Ауыл тұрғындары науқас балаларға дигноз дұрыс қойылмаған. Шынтуайтына келгенде, тіпті, ешқандай диагноз қойылмаған да.
Екі комиссияның тексерісі нәтижесінде Аудандық орталық аурухана басшылығы өрескел қателіктерге жол бергені анықталған.
Следующая →
Онымен қоймай науқастар дәріні өз қаражаттарына сатып алып, ал ауруханаға жатқызылғандар аудандық ауруханаға өз қаражаттарына жеткен.
- Бізге балаларды ауруханаға әкеле берудің қажеті жоқ. А гепатитінің жеңіл формасы болғандықтан инфекцияны таратпаңдар деген, - дейді гапатиттен көз жұмған қыздың анасы Индира Жәнібекова. - Ата-аналар дәрі-дәрмекті сатып алып, балаларын үйде емдеді.
Ауыл тұрғындары науқас балаларға дигноз дұрыс қойылмаған. Шынтуайтына келгенде, тіпті, ешқандай диагноз қойылмаған да.
- Бір ана дәрігерлердің шешіміне (баласы гепатитке шалдықпаған деген) сенбей, баласы өзін нашар сезінгендіктен Аягөзге барған, - дейді Индира. - Аягөзде ақылы тексеруден өтсе, баланың А гепатитіне шалдыққаны анықталған. Енді қанша бала өлуі керек? Менің балам қайтыс болды, басқа балалар да инфекция жұқтырып жатыр...
Екі комиссияның тексерісі нәтижесінде Аудандық орталық аурухана басшылығы өрескел қателіктерге жол бергені анықталған.
- Жақын арада Үржар аудандық аурухананың жауапты азаматтарына қатысты тиісті шаралар қабылданады, - деп түсіндірді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.