Шолпан ауылында қаза тапқан қыздың анасы баласының гепатиттен көз жұмғанына сенімді
11 жастағы Заринаның ата-анасына берілген өлім туралы анықтамада баланың өткір гепатиттен қаза тапқаны нақты көрсетілген
11 жастағы ШҚО тұрғынының неден қаза тапқанын мамандар анықтайды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Отабысылық дәрігерлік амбулаторияға келгенде мұндай белгілерді бірінші рет кездестіріп тұрғандарын айтты, - дейді қыздың анасы Индира. - Шолпан ауылындағы емханада ешқандай жағдай қарастырылмағандықтан, аудан орталығына бару керек болды. Көлік болмағандықтан, туыстарымызға хабарластық. Заринаның жағдайы ауырлап, жолда есінен танып қалды. Тіпті, ауруханаға тірі жеткізе аламын ба деп қорықтым.
Аудандық дәрігерлер де қызыма көмектесе алмады. 11 желтоқсан күні Зарина ауруханаға жатса, 14-і күні қыздың көз жұмғаны хабарланды.
Шолпан ауылында жұмыс істеген арнайы комиссия өлімнің гепатиттен, бірақ өзге түрінен болғанын бекіткен.
- Бала Е гепатитінен көз жұмуы мүмкін, - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрланғазы Ибраев.
Бұл қауіпті вирустың өзге түрі бар деген сөз бе? Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.