Өскеменде жылыту пунктерінің орналасу орны ауысты
Қала әкімдігі халықтың өтінішін ескере отырып, тоңған тұрғындарды жылытумен айналысқан төрт автобустың тұрған орнын ауыстырды
Акцияға еріктілер де атсалысып, ыстық шәй мен бауырсақ таратуда.
Айта кетейік, Өскемен қаласының әкімдігі он аялдаманың жанында жылы автобустар қойып, тоңған тұрғындардың жылынуына жағдай жасаған болатын. Бұл автобустар сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін тұрады. Қала тұрғындары әкімдікке өтініш жасап, жылы автобустардың ЖМК ауданындағы Өтепов көшесіне, Меновное мен Аблакет кентіне, Сәтпаев даңғылындағы «Пойыз көпірі» аялдамалары маңына келіп қойылғанын қалаған.
Соған «45 дәріхана», «Ушанов алаңы», «Мешіт», Орталық базар маңындағы автобустар ЖМК ауданы мен Меновное, Аблакет кенттеріне ауыстырылды.