Мыңға жуық жүргізуші куәлігінен айырылды
Былтыр Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен 11 576 іс қаралған. 2016 жылмен салыстырғанда, бұл 1700 іске кем
Егер қалада 300 мыңнан аса азамат тұрады деген жалпы статистиканы ескепке алсақ, облыс орталығындағы әрбір отызыншы адам әкімшілік жазаға тартылған.
Қанша жыл, ай өтпесін көлік құралын мас күйінде жүргізетін адамдардың статистикасы өз көрсеткішінен ауытқымайды. Заңның қаталданғанына қарамастан, 2016 жылы 954 адам бұл тәртіптің ала жібін аттаса, 2017 жылы 946 адам мас күйінде темір тұлпарға мініп, ұсталған. Айырмашылығы 8 адам ғана. 2016 жылы әрбір көше қиылысы жол полициясымен бақыланған болатын. 2017 жылы мұндай бақылау болған жоқ. Дегенмен, көрсеткіш бәрібір өз есебінен еміс қана айныды.
Қаралатын әкімшілік істердің басым бөлігі - жол жүру ережесі мен бұзақылық. 2017 жылы жол-көлік оқиғасына қатысты іс алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеп, 3281 істі құраған.
Сол сияқты, былтыр медиацияның көмегімен тұрмыстық-жанұялық әкімшілік істердің 1017-сі тоқтаған. Жалпы тіркелген 1619 істің басым бөлігінің тоқтағанын есепке алсақ, бұл саладағы қызметтің оңтайлы жүріп жатқанын толық сеніммен айтуға болады.
Следующая →

- Бәлкім өткен жылдардағыдай бақылау болмағандықтан жүргізушілер өздерін еркін ұстаған болар. Бірақ жол полициясы да көлік жүргізу психологиясынан хабардар. Ағылған көліктердің арасынан өзеурей өткен көліктерді байқай алады, - дейді Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сот төрағасы Сайран Ибраев. - Бұл ретте 4 адамның жауапкершіліктен босатылғанын айта кету керек. Жоқ, оларға жаза тағайындалмады деген сөз емес. Заңбұзушылықтың сарыны өзгергендіктен, олардың кейбіріне өзге хаттама толтырылды. Екі жыл ішінде 8 адамға айыппұл салынды. Бұлар жүргізуші куәлігі жоқ тұлғалар. Жалпы 2017 жылы 887 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды.
Қаралатын әкімшілік істердің басым бөлігі - жол жүру ережесі мен бұзақылық. 2017 жылы жол-көлік оқиғасына қатысты іс алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеп, 3281 істі құраған.
- Бұл көрсеткіштерге қарап, тұрғындарымыздың заңға қатысты білімі арта түскенін айта кетуге болады, - дейді Сайран Муфлинұлы.
Сол сияқты, былтыр медиацияның көмегімен тұрмыстық-жанұялық әкімшілік істердің 1017-сі тоқтаған. Жалпы тіркелген 1619 істің басым бөлігінің тоқтағанын есепке алсақ, бұл саладағы қызметтің оңтайлы жүріп жатқанын толық сеніммен айтуға болады.
Тақырыптар: