Денсаулық сақтау басқармасы тегін дәрі-дәрмек бойынша қайда хабарласу қажеттігін айтты
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының тегін дәрі-дәрмек тарату бөлімінде жұмыс істейтін қызметкер жоқ. Орын бос тұр
Қызметкер болмаған соң, тегін дәрі-дәрмек бойынша сұрақтарға жауап беретін телефон желісі де істемей қалған еді. Ал бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жаңа бір телефон нөмірін беріп, тегін дәрілерге қатысты сауалдарды осыдан білуге болатындығын айтты.
- Егер дәрі-дәрмек бөліміндегі қызметкер жұмыстан босаса, оның міндетін өзге бөлімнің қызметкерлері бөліп алады. Оның үстіне, тегін дәрі-дәрмекті таратумен айналысатын штаттан тыс мекемелер де бар. Тұрғындардың көбі тегін дәрілер жетіспей жатса болды, Денсаулық сақтау басқармасына хабарласа бастайды. Алайда олар, ең алдымен, поликлиниканың бас дәрігеріне не орынбасарына, пациенттерді қолдау қызметіне барып хабарлауы қажет. Сонда ғана тұрғындар мәселесін тез шеше алады, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.
Орынбасар ендігі кезекте тегін дәрі-дәрмек таратумен "СК Фармация" дистрибьютерлік желісі айналысатындығын айта отырып, 56-06-60 нөміріне немесе бірден ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына 24-18-78 нөміріне хабарласу қажеттігін жеткізді.