Шығыс Қазақстанда жергілікті полиция қызметінің жаңа басшысы тағайындалды
Облыс әкімі Даниал Ахметов пен ШҚО мәслихат депутаттарының келісімімен ЖПҚ басшысы болып полиция полковнигі Батырбек Аяғанов тағайындалды
54 жастағы өңірлік жергілікті полиция қызметінің басшысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Полиция қызметінде 30 жылдық еңбек өтілі бар.
Батырбек Аяғанов өзінің қызметін учаскелік милиция инспекторы міндетінен бастап ШҚО ІІД басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.
- Оны біз жақсы танимыз. Қызмет көрсеткен уақыт аралығында жоғары тәртіпті және сауатты офицер ретінде танылды, - дейді өңір басшысы Даниал Ахметов. - Тәжірибелік және ұйымдастырушылық қызметте үлкен тәжірибеге ие.
Айта кету керек, ШҚО жергілікті полиция қызметі құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу және оны ескерту үшін құрылған.