Өскеменде екі мыңға жуық бейнекамера орнатылады
Қаламызда автокөліктерді ұтымды басқарып, инфрақұрылым қажеттіліктерін анықтауға көмектесетін зияткерлік көлік жүйесін енгізу көзделіп отыр. Бұған 90 миллион теңге қаражат жұмсалады
2018-2020 жыл аралығында Шығыс Қазақстанның облыс орталығында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және әкімшілік өндірісті цифрландыру бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл мақсатта 60 планшет пен қажетті ұйымдастыру техникалары сатылып алынады.
Ал «Ақылды ұлт» үшін «Ақылды қалалар» жобасы аясында Өскеменде 1700 бейнекамералар орнатылады.
Айта кету керек, қазіргі таңда облысымызда 300-ден астам бейнекамералар жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде «Қауіпсіз аула» жүйесі бойынша 113 камера жұмыс істейді.