Швейцарияда наразылық акциясы өтуде
АҚШ Президенті Д.Трамптың Давоч қаласына жұмыс сапарымен келетіндігін естіген Швейцария азаматтары наразылық танытып, көшеге шықты
Кеше Цюрих, Женев, Фрибур, Лозанн, Невшател және Беллинцон қалаларында азаматтар көшеге шығып наразылық өткізді. Цюрих қаласында мыңнан астам азамат көшеге шыққан.
Ал Лозанн қаласында 300 адам «Трамп келмесін» деп жазу жазып наразылыққа көрсетті. Митингке шығушылар Америка басшысын «гомофоб, расист» деп айыптады әрі Д.Трамптың миграциялық саясатына қарсы пікір білдірді.
Айта кету керек, АҚШ Президенті осы жұмада Давос қаласына жұмыс сапарымен келіп, форумда сөз сөйлемек.