ШҚО мектептерінен есірткі табылып жатқандығы жөніндегі ақпарат ата-аналарды алаңдатуда
Әлеуметтік желі қолданушылары өздері таратып жүрген ақпаратты өңір полициясы жоққа шығарды
Басыбайлыққа әкеп соғатын жаңа «дәрі» «Земляника» деп аталады.
- Ата аналар бұл есерткі туралы хабардар болуы керек, - дейді хабарландыруда. - Бұл кәмпиттерден бүлдірген иісі шығады. Балалар оны кәмиит деп ойлап жей салады. Артынан ауыр халде ауруханаға жеткізіледі.
«Есірткі сағыз» туралы жалған ескертулер 2016-17 жылдары да кеңінен тараған болатын. Ол ақпараттар да бүгінгідей расталмаған болатын.
- ШҚО тұрғындарымен әлеуметтік желіде тарайтын ақпараттар біреудің қиялы, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Мұндай есірткілермен улану фактілері, азаматтардың шағымдары туралы ақпараттар Департамент базасында тіркелмеген.
Тәртіп сақшылары қасақана жалған ақпарат таратқан құқықбұзушылардың Қылмыстық кодекспен жазаға тартылатынын ескертеді.